KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Бошай Кітапбаевты еске алуға арналған шахмат турнирі басталды – ШҚО

14.10.2019, 04:11 201

Әйгілі атбегі, ғалым, шежіреші, Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаевты еске алуға арналған шахматтан ерлер арасында облыстық чемпионат басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 – Ерлер арасындағы облыстық чемпионатты биыл Бошай Кітапбаевты еске алуға арнадық. Бұл сайысқа әуелде Өскемен мен Семей өңірінен 50-50-ден шахматшылар түскен болатын. Финалдық кезеңге екі жақтан 5-5-тен үздік ойын көрсеткендер іріктеліп алынды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алқасының шешімімен, былтырғы жылдың жеңімпазы мен облыс бойынша рейтінгі ең жоғары екі ойыншыны қостық. Алайда рейтінгі жоғары болып саналатын Болат Нышанбаев өз орынына осы жарыстағы үздік өнер көрсеткен жас баланы қатыстыруды өтінді, – дейді облыстың бас тренері Алмагүл Чакеева.

Сонымен, үздік жас – 10 жастағы Әділжан Сәдібеков. Ол 50 адамның ішінен 9-орын алған болатын.

– Әкеміз жүйрік жылқылардан бөлек шахматқа да сондай құмар еді. Оның шахматқұмарлығы қатардағы әуесқойлықтан жоғары тұратын. Үйде шахматқа қатысты кітаптар жинайтын. Содан оқып дайындалатын. Соғыста бір аяғын беріп, госпитальда жатқанда осы ойынға мықтап ден қойған екен, – дейді жарыс демеушісі Марат Бошайұлы.

Сайыстың ашылу салтанатына Бошай Кітапбаевтың замандастары, әріптес бауырлары келіп естеліктерімен бөлісті.

Классикалық шахмат түрінен өтіп жатқан чемпионатта 12 сайыскердің барлығы бір-бірімен ойнап шығады. Жарыстың қорытындысы 20 қазанда шығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив