KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, В
529.99 546.63 5.21

Құтқарушылар ұйымдастырған акцияға 400-ге жуық балақай қатысты

25.07.2019, 10:45 115

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері» қоғамдық ұйымымен бірлесіп, балаларға арналған танымдық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараларға Өскеменнің іргесіндегі «Зоя» балалар сауықтыру лагерінде жазғы каникулдарын өткізіп жатқан 400-ге жуық балақай қатысты. Акция аясында балалар құтқарушы, өрт сөндіруші, парашютпен секіруші сияқты мамандардың қызметімен жақынырақ танысып, бірнеше байқауға қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы алғанда, лагерьде бес түрлі байқау ұйымдастырылды.

– Мұндай іс-шаралар кейінгі ұрпаққа қызықты, ең бастысы пайдалы болатынына сеніміміз мол. Өйткені, бұл жерде балалар іс жүзінде өзінің және басқаның өмірін сақтап қалуға көмектесетін іс-қимылдарды үйренеді, – дейді облыстық ТЖД маманы Анастасия Скляр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу