KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

«Өмір» құтқару дөңгелегі» Шығыс Қазақстанға келді

12.08.2019, 05:32 156

Демалушылар арасында суда шомылу қауіпсіздігін насихаттайтын аталмыш акцияның символы – құтқару дөңгелегі Алматы облысынан келіп жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Эстафетаны қабылдау рәсімі Алакөл көлінің ортасында ұйымдастырылып, оған екі облыстың құтқарушылары қатысты. Бұдан кейін «Өмір» құтқару дөңгелегі Үржар ауданындағы «Үржарайым» балалар лагерінде жазғы каникулдарын өткізіп жатқан балақайларға жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балақайларға судағы қауіпсіздік шаралары жайында айтып, алғашқы көмек көрсету ережелерін түсіндірді.
Бұдан кейін акция Өскемен және Семей қалаларында, сондай-ақ, Глубокое ауданында жалғасын тапты. Құтқару дөңгелегі аялдаған жерлерде флешмобтар ұйымдастырылып, демалушыларға жадынамалар таратылды. Осыдан соң құтқару дөңгелегі Павлодар облысына жол тартты.

Айта кетейік, биылғы жаз маусым барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өзен-көлдер жағалауында 1 800-ден астам профилактикалық рейд жүргізіп, демалушыларға 48 мыңға жуық жадынама таратқан. Екі айда полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 45 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан-ды.

Осы ретте елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 214 адам суға кеткенін айта кеткен орынды. Соңғы ақпарат бойынша оның 75-і бала екен.

Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратына сүйенсек, суға кеткендердің басым бөлігі Түркістан (25 адам, 12-сі бала), Алматы (24/9), Ақмола (21/9), Шығыс Қазақстан (20/5) және Павлодар (18/7) өңірінің тұрғындары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив