Секисовкада жеңіл көлікпен қақтығысқан автобус: оқиғаның анық-қанығы
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Полицияның мәлімдеуінше, жеңіл көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, жазғанбыз. Кеше Өскемен-Риддер трассасында жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен қақтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы туралы қысқаша мәлімет берген тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, мән-жайды анықтаған болатын.
– Полиция қызметкерлері Риддер жақтан келе жатқан жеңіл көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткенін анықтады. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғасы орын алып отыр. Жеңіл көлік жүргізушісі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автобуста 13 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.