Өскеменде жол апаты: адамдар ауруханаға жеткізілді
Өскеменнің Согра ауданында жүк көлігі мен жеңіл көлік қақтығысып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 2 тамыз күні сағат 17:00 шамасында, «9 км» аялдамасының маңында болған. Полиция ақпараты бойынша, ЗИЛ-ді тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші «Daewoo Espero» маркалы автокөлікке тиісті жерде жол бермей қойған. Нәтижесінде жол апаты орын алып, адамдар зардар шекті.
Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді.
– ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз