KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
521.53 601.01 6.43

Семейде 100 мерекелік іс-шара болады

7.05.2019, 03:58 396

Мамырдағы мейрамдар қарсаңында Семейде 100 шақты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне қаламыз қатты дайындалып жатыр. Осы мейрамдарға орайластырылған 100 шақты іс-шара болады. Білім ошақтары, әлеуметтік нысандар, мәдени орындар сынды әр нүктеде өтеді, – деді қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

Бүгін сағат 11:00-де 600-дей каратэші орталық көшелермен жүгіріп өтеді. Қала халқына өз шеберліктерін паш етеді.

16:00-де орталық алаңда әскерилер мен жастардың қатысуымен Вена балы болады.

8 мамырда қала әкімінің кубогіне Streer Workout-тан жарыс ұйымдастырылмақ. Семейде осы спорт түріне арналған 20 алаң бар екен.

9 мамырда орталық алаңнан Жеңіс саябағына дейін «Мәңгілік полк» жүріп өтеді.

Сол күні 20:00-де Концерт болады. Соңынан жиылған жұртшылыққа отшашу көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу