Қала күніне орай өтетін мерекелік шаралар тізбегі
Арбаттың ашылуы, кешкі жүгіру сынды көптеген қызықтар болады қала күні (7-14 қыркүйек аралығында) қарсаңында, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
7 қыркүйек. 8:00-де Ертіс жағалауы Ғашықтар аллеясының маңында көліктер шоуы (драг-рейсинг) басталады;
17:00-де «Император» сауда үйінің ауласында мерекелік концерт;
12 қыркүйек. 15:00-де Арбаттың ашылуы;
13 қыркүйек. 17:00-де үш аумақта мерекелік концерт болады. Олар: Достық үйі, Теміржолшылар саябағы, Ағайында Абдуллиндер атындағы өнер иучилищесінде;
19:00-де қаланың орталық алаңында студенттер фестивалі – «Öskemen – жастар қаласы!»;
20:00-де Астана көшесінде кешкі жаппай жүгіру – «NIGHT RACE».
14 қыркүйек. 10:00-де орталық алаңда бал фестивалі;
11:00-де орталық алаң, Жастар саябағы және Самал саябағында мерекелік концерт;
18:00-де орталық алаңда қаладағы ресторандардың байқауы болады;
18:30-да белгілі эстрада әншілерінің қатысуымен қала күніне арналған үлкен концерт болады;
22:00-де отшашу.