KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Семейде мамырдағы мерекелер онлайн режимде өтеді

30.04.2020, 07:43 91

Семейде мамыр айындағы мерекелік шаралар онлайн режимді өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина брифинг барысында айтты.

- Ағымдағы жыл мерекелік шараларға бай. Абайдың 175 жылдығының өзіне арналған 20 ірі шара жоспарланған. Ғылыми конференциялар мен конкурстар онлайн-режимде өтеді. Музейлер онлайн форматта экскурсиялар ұйымдастырып, жұмыстарын жалғастыруда. Театрдың көрермендері YouTube-арнасынан "Ғажайып трагедиясы" қойылымының толық нұсқасын көре алады. Қазір "Жас Абай" қойылымының премьерасына дайындық жүріп жатыр, - деді Назерке Аққожина.

Ауқымды шаралар Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелеріне орай да ұйымдастырылмақ. Осы жылы "Мәңгілік полк" акциясы виртуалды форматта өтеді. Семейліктер ата-бабаларының соғыс кезіндегі ерліктері жайлы хикаяларын орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтында жариялай алады.

27 сәуірден 1 мамырға дейінгі аралықта қалалық Достық үйі әлеуметтік желіде белсенді жұмыс атқарады. Қаланың этно-мәдени орталықтары қызықты мастер-класстар жариялайтын болады.

Мереке күндерінде қала тұрғындары "Semei" телеарнасы арқылы концерттік бағдарламаларды тамашалай алады. Бұл концерттер қалалық Мәдениет үйінің ғимаратында түсірілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив