KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 29 азамат улы газ хабарлағышы арқылы құтқарылды

22.09.2022, 09:56 234

ШҚО ТЖД мамандарының хабарлауынща, әдетте азаматтардың газдан, ыстан улану  жағдайлары пеш жаққанда қарапайым ережелерді сақтамаудың кесірінен болып жатады. Мәселен, 2022 жылы өңір бойынша осындай 9 жағдай тіркелген.

Улы газ датчиктерінің арқасында осындай оқыс оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік бар. Яғни, сигнализация дыбысы ұйықтап жатқан адамдарды оятып, оның қауіптілігі туралы ескертуге көмектеседі.

Жауапты мамандардың ақпаратына сүйенсек, соңғы үш жылдың ішінде улы газ датчиктері 29 адамның өмірін сақтап қалған.

-        Ағымдағы жылы Глубокое ауданына қарасы Белоусовка ауылындағы жеке үйден өрт шықты. Оқыс оқиға кезінде үйде 6 бірдей бала ұйықтап жатқан. Ал, аналары сыртта, бақшада жүрген. Датчиктің дауысынан оянған үш бала қалған бауырларын оятып, аналарын көмекке шақырған, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас оқиға Ұлан ауданының Таврия ауылында да болған. Екі жыл бұрын датчиктің арқасында бес баласы бар отбасы құтқарылды.

- ТЖ қызметі мамандарының жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және кәсіпорындармен жұмысының арқасында жыл сайын мүгедектер, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты қарт азаматтар тұратын әлеуметтік қорғалмаған отбасыларда құтқару хабарлағышын орнату іске асырылады. Ағымдағы жылы жылыту кезеңінің алдында біз Шығыс Қазақстан аумағында тұратын осындай 3000 - нан астам отбасын хабарлағышпен қамтамасыз етеміз, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу