KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СШ
501.02 597.27 6.59

1 млрд теңге пайда тапқан: ШҚО-да кәсіпкердің заңсыз «кәсібі» әшкереленді

22.01.2026, 15:15 1 223 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы «Глинковское» кен орнында кәсіпкер пайдалы қатты қазбаларды заңсыз өндіру және өткізу фактісі бойынша әшкереленді, деп хабарлайды Altainews.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында компанияға берілген лицензия тек геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ғана мүмкіндік бергені анықталды. Ал пайдалы қазбаларды өнеркәсіптік көлемде өндіруге заңды рұқсат болмаған.

Соған қарамастан, кәсіпкер темір құрамды тау жынысын өндіріп, қайта өңдеп, жинақтап, оны ішкі нарықпен қатар Қытай Халық Республикасына дейін өткізіп отырған.

Заңсыз өндірілген өнім көлемі 70 мың тоннадан асқан. Ал қылмыстық табыс 1 млрд теңгеден жоғары болғаны хабарланды.

Ауыр арнайы техниканы пайдалану салдарынан жер бедерінің табиғи қалпы бұзылып, топырақ тозып, қоршаған ортаға елеулі зиян келген.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер тапқан табысына бизнес-орталық, Алматы қаласынан пәтер, Land Rover Range Rover маркалы автокөлік, 2 автотұрақ орны, 2 жер телімі сатып алған.

Сот санкциясымен аталған мүліктердің барлығына тыйым салынды.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМА облыстық Департаменті Шығыс Қазақстан аумағында — Ұлан ауданындағы «Шыбынды» және Самар ауданындағы «Кенқарын» учаскелерінде алтынды заңсыз өндірген екі қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан болатын.




Фото: ҚР ҚМА

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу