KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

22.04.2019, 08:52 201

Семей қалалық әкімдігінің отырысында қала әкімі Ермак Сәлімов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Ол – Айдар Серікқазыұлы Садырбаев, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айдар Серікқазыұлы Садырбаев – 1986 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын ШҚО Бородулиха ауданы Переменовка ауылы орта мектебінде тарих пәнінен мұғалім болып бастаған. Инструктор, жетекші маман, Бородулиха ауданы ішкі саясат басқармасында бас маман, ШҚО  ішкі саясат басқармасында бас маман, ШҚО Семей қ. ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары, ШҚО ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі орынбасары қызметін атқарған Надежда Васильевна Шарова «Достық үйінің» директоры болып тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив