KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

3.04.2019, 10:52 244

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында – жаңа басшы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова бүгін аталмыш басқарма қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырды. Ол – бұрын Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінде жетекшілік еткен Ерболат Құмарқанұлы Ошақбаев.

 

Ерболат Құмарқанұлы Ошақбаев 1976 жылы бұрынғы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында туған. Отбасылы: үш баланың әкесі. Екі жоғарғы оқу орынды тәмамдаған.

 

Еңбек жолы 1996 жылы білім және мәдениет саласында қызмет етуден басталған.

2008-2012 жылдары ШҚО ішкі саясат департаментінде мемлекеттік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс бөлімінде жұмыс істеген.

2012-2015 жылдары ШҚО жастар саясаты жөніндегі басқармада жетекші маман болды.

2015 жылдан бері қарай Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінде жетекшілік еткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив