KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

2.04.2019, 04:08 277

 

Бұған дейін «Шығыс Ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған Серік Жеңісов Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Серік Жеңісұлы еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде жетекші маман болып бастады.

 

2006-2009 жылдары үкіметтік емес секторда жұмыс істеді.

 

2009 жылы ШҚО Ішкі саясат басқармасында бас маман лауазымынан басқарма басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарды.

 

2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін ШҚО Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары болды.

 

2015 жылы ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде жұмыс істеді.

 

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

 

Соңғы жұмыс орны – «Шығыс Ақпарат» ЖШС.

Серік Жеңісұлы бұдан былай жаңа лауазымы бойынша білім, спорт, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау бағыттары кіретін қаланың әлеуметтік блогының мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу