ШҚО тұрғыны полицейді балағаттағаны үшін сотқа тартылды
ШҚО-да тәртіп сақшыларына бағынбай, тіл тигізген әйел адам қамауға алынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға Алтай қаласында болған. Қала тұрғыны полиция қызметкерлерінің талабын орындамай, жанжал шығарған. Алтай аудандық сотының баспасөз қызметі,әйелдің мас күйде болғанын хабарлап отыр. Ол тәртп сақшыларын балағаттап, ескертуге құлақ аспайды. Осылайша қамауға алынып, сот залынан бірақ шықты.
Сот шешімі бойынша, ол бір тәулікке қамауға алу жазасына тартылған екен.