Өскеменнің ықшам аудандарындағы мәселелер шешілмек
Қалалық әкімдік ықшам аудандардың мәселелерін шешу бойынша жоспар дайындауда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімі Жақсылық Омар бір ай мерзім ішінде әрбір шағын аудандағы мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырып отыр.
Ықшам аудандардағы мәселелер екі санатқа бөліп қарастырылмақ: қалалық бюджеттің есебінен шұғыл түрде шешуге болатын және облыстық не республикалық бюджет есебінен шешілу мүмкін ауқымды мәселелер.
- Бірінші кезекте облыс әкімінің тапсырмасы бойынша халықтың өмір сүру сапасын айтарлықтай арттыратын мәселелер шешілуі тиіс, - деді қала басшысы аппараттық кеңес барысында.