Шемонаиха қаласында биыл жаңа нысандар пайда болады

2020 жылы Шемонаиха қаласында жаңа хоккей модулі, балаларға арналған ойын алаңы, екі қоғамдық дәретхана және 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ, биыл бірқатар көшелер жөндеуден өткізілмек.
Бұл туралы қала әкімі Мұрат Желдібаев халықпен өткізген есептік кездесу барысында мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, өткен жылы № 5 ықшам ауданға су тарту жұмыстары аяқталған. Одан бөлек көптгене көшелер жөнделіп, бөгет бекітілген. Осы жылы су тарту бойынша жұмыстар «Железнодорожный» ықшам ауданында жүргізіледі. Сондай-ақ, 300 адамға арналған спорт модулі, әкімшілк ғимарат және 60-пәтерлі тұрғын үй салынады екен.
Қалада әлі де шешеімін таппай тұрған мәселелер де жоқ емес. Мысалы, 3-ші ықшам ауданға дәрігерлік амбулатория, спорттық кешен қажет, және де «Железнодорожный», 3,11,12-ші ықшам аудандарының су құбырлар жүйесі, жол жабындысы, Үбе өзеніндегі көпір мен бөгет әбден тозған. Сонымен қатар, қаладағы бірқатар мектептер де жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Осы жылы аталған мәселелерді шешуге бағытталған бірнеше іс-шараларды жұзеге асыру жоспарланған.