KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
516.91 586.33 6.3

Жақсылық Омар есептік кездесулерін онлайн өткізетін болды

26.01.2021, 10:16 304

Ақпанның басында қала әкімінің тұрғындармен кездесуі өтеді.

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ахуал кездесуді үйреншікті форматта өткізуге мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды Өскемен әкімдігі. 

Осылайша әкімдік кездесулерді әлеуметтік желілер мен ZOOM сервисі арқылы онлайн форматта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап отыр.

- Ықшам аудандарының тұрғындарымен барлығы төрт кездесу және қорытынды бір кездесу өтеді.

Онлайн кездесуге шақыртудың сілтемесін кездесуден бір күн бұрын АБО (ЖӨБК), ПИК арқылы және үй төрағасы арқылы алуға болады. Сондай-ақ, 1300, +7 777 286 9449 номерлары бойынша call-орталық және +7 708 150 1419 номері бойынша WhatsApp мессенджері арқылы сауалдар қабылданады немесе әкімдіктің @akimatoskemen парақшасындағы пост-афишаның астында пікір ретінде қалдыруға болады, - дейді әкімдік өкілдері. 

Барлық мәселелер талданып, олардың негізінде 2021 жылға арналған жұмыстардың жоспары құрылады және де қосымша қаржыландыру ұйымдастырылады.

Жиі қойылған және өзекті сұрақтар бойынша қала әкімі онлайн-конференция барысында жауап береді. Конференциялар әкімдіктің парақшасында да тікелей эфирде көрсетіледі.

Әкімдіктің парақшасында пікір ретінде сауал қалдырған кезде тұрғындар аты-жөніңіз бен тегіңіз, мекен-жайыңыз бен байланыс телефон

Конференцияларды өткізу кестесі:

2 ақпан, 10:00 - Согра и Жаңа Согра ықшам аудандарының тұрғындарымен конференция.

3 ақпан, 10:00 – ЖМК, Сол жақ Жағалау, 19 ықшам аудандары, Меновное, Ахмер, Новоявленка, Прудхоз, Ново-Троицкое кенттерінің тұрғындарымен конференция.

4 ақпан, 10:00 – қаланың бұрыңғы Үлбі ауданының, Прохладная, Әуежай, Защита ықшам аудандарының тұрғындарымен конференция.

5 ақпан, 10:00 – қаланың бұрыңғы Октябрь ауданының, Аблакетка ықшам ауданының тұрғындарымен конференция.

10 ақпан, 10:00 - қала тұрғындарымен қорытынды конференция.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу