Елімізде 8 мыңнан астам учаскеде дауыс беру жүріп жатыр
Елорда уақытымен сағат 7.15-тегі жағдай бойынша 8150 учаскеде дауыс беру басталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 8150 учаске дауыс беруге кірісуде, деп хабарлайды Altaynews.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 11 шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 12 учаске жұмыс істеп тұр.
Жалпы республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.
86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі.
Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн. 950 мың 485.
Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 22578 есептен шығару куәлігін берді.