ШҚО-ның 1040 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
Шығыс Қазақстан облысында 1040 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оның ішінде сайлаушылар уақытша келетін 69 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскелерінде 6 770 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Дауыс беруге арналған бюллетендер облысқа 3 маусымда жеткізіліп, барлық сайлау учаскелеріне таратылған.
Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. Қазақстанның барлық сайлау учаскесінде дауыс беру жүргізіліп жатыр.
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.