KZ
Өскемен
-5°
снег жел 4 м/с, СБ
494.63 583.22 6.42

Тағы бір жаңа трамвай жолға шықты – Өскемен

3.03.2023, 16:41 347 Оразай Жеңісұлы

Тағы бір жаңа трамвай жолға шықты. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

– Кеше Минсктен әкелінген жаңа трамвайлардың төртіншісі барлық дайындық процедураларынан өткізіліп, желіге шығарылды. Төрт вагон да қала тұрғындары көп пайдаланатын үшінші маршрутта жұмыс істейді. Қоғамдық көліктің бұл экологиялық түрі – Өскеменнің визит картасы әрі тарихының бір бөлігі. Біз жабдықтау мен қызмет көрсетуді жаңа деңгейге шығара отырып, осы бағытты әрдайым қолдайтын боламыз, – деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Айта кетейік, биыл қалаға 40 жыл ішінде алғаш жаңа трамвайлар әкелінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу