Өскеменде тағы бес трамвай жолға шықты
Көлік компаниясының мәлімдеуінше, енді жұмыс күндері 12 емес, 17 трамвай қала ішінде қатынайды. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің жұмыс режимі ұзарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 18 мамырдан бастап тағы бес вагон жолға шықты. Яғни енді 17 трамвай қатынайды, – деп мәлімдеді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС.
№3 маршруттағы вагондар арасындағы уақыт интервалы – 9 минут. Жалпы жұмыс режимі 22:00-ге дейін ұзарды. Соңғы трамвай «У-Ка» вокзол аялдамасынан сағат 20:24-те, ал «Защитадан» 21.14-те қозғалады.
№1 маршрутқа қосымша екі вагон шықты, енді көліктер 21.00-ге дейін жүреді. Сондай-ақ дүйсенбіден бастап №4 маршрут (У-ка вокзал-ҮМЗ) қайта ашылды. Жұмыс режимі: 5:45-17:35.
– Түнде релсьтерді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сол себепті трамвайлар әзірше бұрынғыдай түн жарымына дейін қатынамайды, – дейді көлік компаниясының өкілдері.