Өскеменде тағы екі жаңа трамвай желіге шығады
Өскеменде 10 қаңтарда жаңа екі трамвай желіге шығады. Айдың соңына тағы екі вагон іске қосылады.
Бүгін Өскемен қаласында жаңадан әкелінген трамвайлар жүргізіліп, сыннан өткізілді. Ертең олар желіге шығады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жаңа трамвайлар қаламызда соңғы төрт онжылдықта алғаш рет қайта жүре бастады.
Айта кетсек, трамвай паркі муниципалдық меншікке 2018 жылы қайтарылған болатын. Осы уақытаралығында қалалық әкімдік тарапынан кәсіпорынның материалды-техникалық базасын ретке келтіру, байланыс желілері мен рельс жолдары жөндеу бойынша орасан зор жұмыс атқарылды.
Жаңа трамвайлардың қандай өзгешеліктері бар екен? Әкімнің айтуынша, олардың жүріс бөлігі жетілдірілген, салонында кондиционер орнатылған, ұялы құрылғыларды қуаттау мүмкіндігі де қарастырылған, сондай-ақ жаңа вагондар қозғалысы шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкес бейімделген.