Биыл «Талдықорған-Өскемен» жолының жөнделген бөліктері толық ашылмақ
Ашық дереккөздерден алынған сурет
Биыл «Талдықорған-Өскемен» автомобиль жолының учаскелерін толық ашу жоспарланып отыр.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
- Еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде «Талдықорған-Өскемен» (768 км) автомобиль жолын реконструкциялау қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жолдың 649 шақырымында көлік қозғалысы ашылған, - деді Амангелді Беков.
Оның айтуынша, 2023 жылы аталған жолдың учаскелерін толық ашу жоспарланып отыр. Жобаны толық аяқтау 2024 жылға белгіленген.
Оқи отырыңыз