KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

«Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» тас жолының толық аяқталу мерзімі айтылды

9.05.2019, 03:59 310

Республикалық маңызы бар «Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» автожолын қайта жаңартуды толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

  Қазіргі уақытта Талдықорған қаласынан Өскеменге дейін ұзындығы 313,5 км құрайтын автожолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер CITIC Construction Co, LTD компаниясы.

«Бүгінде жолшылар айналма жолдарды салып жатыр. Негізгі көлік жолының өсімдік өскен топырақ қабатын алу, ескі жол жабындысын фрезерлеу жұмыстары басталды, су өткізгіш құбырлары орнатылуда. Бұдан басқа құм, битум және темір бетон бұйымдары дайындалуда», делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінге, қайта жаңартудан кейін автомобиль жолының 31 шақырымы I-ші «б» санатына, ал қалған 282 шақырымы ІІ санатқа келтіріледі. Бұл учаскеде екі деңгейлі қос жол айрығы салынады, 21 көпір мен 404 су өткізу құбыры қайта жаңартылады.

Аталған автожол учаскесі Алматы облысы Алакөл көлінің туристік кластеріне енген. Былтыр жолдың осы бөлігімен 1,2 млн отандық және шетелдік турист өткен. Биыл 1,5-1,8 млн турист жүреді деп күтілуде.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қ.Тоқаев Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына сапары барысында жергілікті автожолдардың сапасының сын көтермейтінін және Алакөлдегі туристік сервисті жақсарту туралы айтқан еді.

«Осыған орай, Үкіметке және екі өңірдің әкімдеріне қысқа мерзімде кешенді шаралар ұйымдастыруға тапсырма берген болатын. Құзырлы мекемелер Президенттің осы сындарынан қорытынды шығарады деп ойлаймыз. Бұл Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», - деп жазды Берік Уәли.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу