KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

Жеңілдетілген автонесие беру қашан қайта басталады?

шартты сурет

2.05.2023, 15:30 267 Оразай Жеңісұлы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдау қашан қайта басталады деген сұраққа жауап берді.

Министрдің айтуынша, кезекті автонесие бағдарламасын іске қосу үшін бір айдың ішінде тағы миллиард теңге жинау керек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазір ай сайын миллиард теңге қайтарылады. Бұл қаражат 100 көлікке жетеді. Біз бағдарламаны 500-ге жуық көлікке қаражат жеткенде қосамыз. Яғни бес миллиард және одан да көп ақша қажет. Қазір айналымда төрт миллиард бар. Бір айдың ішінде тағы бір миллиард жинаймыз, сосын бағдарламаны онлайн жариялаймыз. Бұл – ең ашық тетік», – деді Марат Қарабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив