KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Жеңілдетілген автонесие: Кезекке тұрғандардың бәрі көлік алады

27.12.2022, 12:57 575 Ләззат Қанатқызы

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 млрд теңге ақша бөлінген.

Бұл туралыИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтаған жоқ. Алайда бұрын оған 100 млрд теңге бөлінген. Енді мұндай қаражат бөлінбейді. Бұрын бөлінген ақша неғұрлым көбірек қайтарылса, сол бойынша автонесие берілуге тиіс. Алайда банктер қаржыны сәл жинап алып, кредитті береміз бе деген шешімді қабылдады. Менің ойымша, олар өздері біледі, бұл оларға қатысты бизнес процесс. Бірақ күнделікті түскен ақшаны күн сайын беріп отыру керек. Сондықтан жеңілдетілген автокредитті тоқтатпай, халықты да шулатпай, процесс күн сайын жүруі керек, - деді Индустрия министрі Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге министр жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қанша адам кезекте тұрғанын айтты.

- Бірінші кезекте 15 мың адам тұр, оның 13 мыңы көлік алды. Қосымша 16 мың көлік алуға өтініш берілді. 15 мың адам көлік алуға бұрын өтіш берген. Менің ойымша, бәрі әділ өтуі керек. Кім бірінші өтінішті берді, соларды қамту керек. Кейін келесі өтініш берген адамдармен жұмыс істеу керек. Әрине, кезекте тұрғандар көлігін ала алады. Біз жыл сайын ішкі өнімді арттырып жатырмыз. Биыл 110 мың көлік шығарамыз деп отырмыз. Олардың санын жыл сайын кемінде 30%-ға өсіреміз. Келесі жылы 120 мың көлік шығарамыз деп жоспарлап отырмыз және 130 мың көлікке дейін жеткіземіз, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу