KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Баласын лагерьге жіберетін ата-ана нені білуі тиіс?

23.05.2023, 13:11 541 Мадина Амангелдіқызы

Жаз мезгілі таяғанда көптеген ата-аналарды балаларының жазғы демалысына қатысты сұрақтар толғандырады: қайда демалуға жіберуге болады, қандай лагерьлер мен сауықтыру ұйымдарында демалу жағдайлары қаншалықты қауіпсіз, балаға қызықты әрі жайлы бола ма, т.с.с.

Осы ретте ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазда демалуға және сауықтыруға баратын балалардың ата-аналарына арналған ұсыныстармен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Балалар лагерін таңдағанда оның қызметінің бағасына ғана емес, орналасқан жеріне, лагерь бағдарламасына, баланың бейімділігі, лагерь туралы пікірлер сияқты факторларға қараған жөн.

Лагерьлер орналасқан жері мен бағытына қарай: қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері, күндізгі уақытта болу лагерьлері (мектептер жанында), туристік, бейіндік және т.б. болып жіктеледі.

Маусымдық лагерьлер тек жазғы уақытта жұмыс істейді, спортпен шұғылдануға және бос уақытты өткізуге жағдай жасайды.

Жазғы сауықтыру ұйымдарының басты міндеті – балалардың толыққанды қауіпсіз демалысын ұйымдастыру, олардың сауығуына жағдай жасау.

Департаменттің мәліметі бойынша, Шығыс Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде 19 қала сыртындағы сауықтыру ұйымдарының базасында балаларды сауықтыру жоспарланған. Сауықтыру ұйымдарын ұстауға қойылатын талаптар ҚР ДСМ 2022 жылғы 10 тамыздағы №78 "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" бұйрығымен бекітілген Санитариялық ережелерімен регламенттелген.

Маусымдық жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар объектілерді пайдалануға берер алдында объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыда лагерьдің балаларды қабылдауға дайындығының барлық шарттары көрсетіледі.

 

Сондықтан қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға лагерьге жолдама сатып алмас бұрын оның мемлекеттік санэпидқадағалау органдарының рұқсат құжаттары бар екеніне көз жеткізу ұсынылады.

Балаларды сауықтыру ұйымдарына қабылдау денсаулық жағдайы туралы құжат болған кезде жүзеге асырылады, олар: созылмалы аурулары, аллергия түрлері және барлық аурулары көрсетілген "Сауықтыру лагеріне кететін оқушыға медициналық анықтама" Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының формаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ-175/2020 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР бұйрығымен бекітілген 071/е формасы бойынша және жұқпалы аурулармен байланыстың жоқтығы туралы анықтама.

Егер сіздің балаңызға жүйелі түрде қандай да бір дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет болса, бұл туралы лагерь басшысына және міндетті түрде медицина қызметкеріне хабарлау қажет. Дәрігерге дәрі-дәрмектерді және дәрігер тағайындаған емдеу режимін беріңіз. Препараттарды бала арқылы беруге болмайды. Денсаулыққа қатысты жағдай туындаса, балаға медициналық көмекке жүгіну қажет екенін түсіндіріңіз (тікелей медициналық қызметкерге немесе мұғалімдер арқылы).

Медициналық персонал балалардың денсаулық жағдайына динамикалық бақылау жүргізуді, шынықтыруды, сауықтыруды жүргізуді қамтамасыз етеді.

Ауа райының өзгеруін ескере отырып, баланы қажетті киім-кешектермен және аяқ киіммен қамтамасыз ету керек: іш киім, ауа райының қолайсыздығына арналған бас киім, жылы киім жиынтығы, жеңіл және жабық аяқ киім. Жеке бас гигиенасы құралдарын (тіс пастасы, щетка, тарақ), қағаз орамалдарды, қолды өңдеуге арналған құралдарды қарастыруды ұмытпаңыз.

Балаңызға жолда тез бұзылатын үй тағамдарын бермеңіз. Өзімен бірге бөтелкедегі газдалмаған су, өнеркәсіптік қаптамадағы кондитерлік өнімдер (печенье, вафли), дымқыл майлықтар немесе қолды өңдеуге арналған құрал салған жөн. Ата-аналар күнінде лагерьге тез бұзылатын тамақ өнімдерін, кремі бар кондитерлік өнімдерді, үйде дайындалған сусындарды әкелмеңіз.

Балаңызға лагерь аумағынан ересектерге айтпай ұйымдаспаған түрде шығу оның денсаулығына, соның ішінде кенеге байланысты қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіріңіз. Кенеге қарсы арнайы өңдеу тек бекітілген аумақта жүзеге асырылады. Егер киімінен кене табылса, дереу тәрбиешіге (кеңесшіге) және медицина қызметкеріне хабарлау керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив