Семейдегі алапат өртті сөндіруге Түркия мен Өзбекстан көмек ұсынды
Фото: inform.kz
Абай облысындағы өртті ауыздықтауға Түркия мен Өзбекстан көмек ұсынған.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшімі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ресми өкілдің айтуынша, апатты ауыздықтауға шамасы жетпей жатса, еліміз сырттан көмек сұрауға мәжбүр болмақ.
- Әзірше біз ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Менің естуімше, 1-2 мемлекет көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы телефон арқылы сөйлесті, біздің министр телефон арқылы сөйлесті, - деді Айбек Смадияров.
Оқи отырыңыз