KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Сайлау-2023: Шетелде 77 дауыс беру учаскесі ашылады

27.02.2023, 20:32 284 Оразай Жеңісұлы

Биыл наурыз айында өтетін сайлауға қатысты шетелде 77 дауыс беру учаскесі ашылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«2023 жылғы 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан, яғни 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі ашылады. Дауыс беруге қатысу үшін тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке әрі қызметтік, оқу, іскерлік, туристік мақсатпен жүрген және жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан азаматтары жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі керек.

«Учаскелердің байланыс деректері Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланады», - деді А. Смадияров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу