KZ
Өскемен
-14°
плотный туман Штиль
515.25 535.91 5.18

ШҚО – темекіге ең көп ақша жұмсайтын өңірдің бірі

Фото: www.dumblittleman.com

13.06.2023, 23:47 292 Оразай Жеңісұлы

Energyprom сарапшылары биыл қаңтар-сәуір айларында елімізде 5,1 млрд темекі және басқа да темекі өнімдері өндірілгенін хабарлады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 4,8%-ға аз.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, 2022 жылы Қазақстандағы әрбір орташа статистикалық үй шаруашылығы темекі өнімдеріне 44,8 мың теңге жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8%-ға көп, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңірлер арасында темекіге ең көп ақша жұмсайтын Павлодар облысы болып шықты. Үй шаруашылығына орта есеппен 83,1 мың теңге, жылдық өсім – 13,3%.

Темекі жиі «шегетін» өңірлердің «үздік» үштігін Солтүстік Қазақстан (77,2 мың тг, плюс 9,6%) және Шығыс Қазақстан (71,9 мың тг, плюс 24,8%) облыстары түгендеді.

Шымкент тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз ақша жұмсаған: үй шаруашылығына жылына орта есеппен 8,8 мың теңге, жылдық өсім 14,2%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша темекі бір жылда 17,9%-ға қымбаттады. Бағаның ең жоғары өсімі Астанада (23,2%) тіркелді. Одан кейін тізімде Алматы (плюс 21,1%) және Солтүстік Қазақстан облысы (плюс 20,8%) тұр.

Бағаның ең төмен жылдық өсімі Ақмола (плюс 12,8%), Қарағанды (плюс 13,9%) және Абай (плюс 16,2%) облыстарында тіркелген.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу