KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
521.81 543.67 5.05

ШҚО-да темекі 22 пайызға қымбаттады

шартты сурет

4.04.2023, 15:55 306 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында темекі бағасы бір жылда 22 пайызға өскен.

Бұл туралы  energyprom сарапшылары айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы, темекі бағасы, сарапшылардың зерттеуінше, бір жылда 19%-ға өскен. Ең жоғарғы өсім елордада байқалды – 24,3%. Темекі қымбаттаған бес өңірдің қатарында Шығыс Қазақстан (22,4%), Ақмола, (22,3%), Жамбыл (22,1%) және Алматы (21,3%) облыстары бар. Ең төменгі өсім Павлодар облысында (12,5%) тіркелді.

Қаңтар-ақпанда елімізде 2,3 млрд дана темекі, папирос және түрлі темекі бұйымдары шығарылған. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 3,9%-ға аз.

Energyprom сарапшылары еліміздің қай өңірінде темекіге көп қаражат жұмсалатынын анықтады. Сатып алу бойынша Солтүстік Қазақстан алдыңғы орында тұр. Бұл өңірде темекіге шығындалған қаражат сомасы әр үйге шаққанда 20,5 мың теңге. Темекі көп шегетін өңірлердің қатарында тағы Павлодар (20,3 мың теңге), Ақмола (19,3 мың теңге) облыстары да бар. Ал Шымкент қаласы (2,3 мың теңге), Маңғыстау (3,2 мың теңге) және Түркістан (4,5 мың теңге) облыстарында керісінше темекіге ақша аз жұмсалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу