Семейде темекі бір жылда 48 теңгеге қымбаттаған
Energyprom.kz сарапшылары еліміздің ірі қалаларында темекі бағасы бір жылда қаншалықты қымбаттағанын анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстанда темекі бағасы кезең-кезеңмен көтеріліп жатыр. Energyprom.kz мәліметінше, осы жылдың қыркүйегінде темекінің бір қорабы орташа есеппен 436 теңге болды. Бұл 2018 жылдың қыркүйегіндегі жағдайға (қорабы – 391 теңге) қарағанда 11,4% жоғары.
Қазақстан бойынша ең қымбат темекі Қостанайда, қорабы – 461 теңге. Нұр-Сұлтанда 456 теңге, Ақтауда 452 теңге.
Ал Өскеменде темекі бағасы 398 теңгеден 433 теңге өсіп, 8,8 пайызға қымбаттаған. Семейде өткен жылы 388 теңге болса, бұл жылы 436 теңге. Яғни 12,4 пайызға қымбаттаған.
