Қазақстанда темекі қымбаттады
Елімізде бір жылдың ішінде темекенің бағасы 11 пайызға өсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Energyprom.kz сайтында жарияланып отыр.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында темекінің бағасы 436 теңге болған. Өткен жылдың қыркүйек айында оның бағасы 11,4 пайызға арзан еді – 391 теңге.
Темекі бағасының ең жоғарғы көрсеткіші Қостанай қаласында тіркелген – 461 теңге. Екінші орында - Нұр-Сұлтан қаласы (456 теңге). Үшінші орында – Ақтау (452 теңге).
Темекі өндірісі де өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға өсіп отыр.сигареты
Оқи отырыңыз