KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Елімізде жаңа көліктер саны артып келеді

Фото: stan.kz

14.07.2023, 15:41 178 Ләззат Қанатқызы

Елімізде автокөлік саны бір жыл ішінде 8,4 пайызға көбейіп, биыл сәуірдің соңында 4,1 млн-ға жетті.

Ranking.kz порталының мәліметінше, өсім барлық жыл санаттары бойынша байқалады. Дегенмен, шыққанына 3 жыл болмаған көліктердің елеулі өсімі тіркеліп отыр. Олардың саны бірден 31,1 пайызға артқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен қатар әне-міне ескі көліктер санатына кірейін деп тұрған 10-20 жылдық көліктер саны да 13,5 пайызға көбейген.

Елімізде ескі көліктер әлі көп. Шығарылғанына 20 жылдан асқан автокөліктердің саны бір жылда 4 пайызға артып, 2 млн-ға жуықтады, алайда олардың үлесі 50,3 пайыздан 48,3 пайызға дейін төмендеді.

20 жылдан асқан ескі автокөліктердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген: 317,7 мың, одан кейін Алматы қаласы (180,9 мың) және Қарағанды облысы (157,6 мың) тұр.

Ескі көліктердің бағасы бесінші ай қатарынан төмендеп келеді. Нәтижесінде, 2023 жылдың маусымында жүрілген жеңіл автокөліктер былтырғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда бір айда 1,3 және бір жылда 5,2 пайызға арзандады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив