KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда жұмыссыздар саны 1,1 пайызға артып, 442,9 мың адамға жетті

12.06.2019, 07:58 288

Қазақстанда жұмыссыздар саны 1,1 пайызға артып, 442,9 мың адамға жетті. Оның 83,7 мыңы – 15-28 жас аралығындағы жастар, деп хабарлайды Finprom.kz.

Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, өткен жылдың аталмыш кезеңінде жұмыссыздар саны 437,8 мың адамды құраған. Дегенмен, соңғы жылдары елімізде жұмыссыздық деңгейінің төмендеу динамикасы байқалады. Өсім тек ағымдағы жылы ғана тіркелді.

2019 жылдың бірінші тоқсанының аяғында Қазақстандағы жұмыс күшінің саны 9,2 миллион адамды құрады, бұл былтырғы көрсеткішпен (тоғыз миллион адам) салыстырғанда 2,2 пайызға артық. Жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың бірінші тоқсанындағы жағдайға қарағанда (8,5 миллион адам) 2,3 пайызға артып, 8,7 миллион адамға жетті. Оның 76,4 пайызы немесе 6,7 миллион адам – жалдамалы қызметкерлер. Өз кезегінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,1 миллион (23,6 пайыз) шамасында.

Жұмыссыздар саны көп өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. Онда аталмыш санатқа жататын 51,2 мың адам тіркелген. Ал екінші және үшінші орындарды Алматы (49,6 мың адам) және Түркістан облыстары (41,3 мың) иеленді.
Есесіне, жұмыссыздықтың ең аз деңгейі Солтүстік Қазақстан (14,6 мың адам), Маңғыстау (15 мың) және Атырау (16,2 мың) облыстарында байқалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу