ШҚО-да интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілді
Фото: halyq-uni.kz
Облыс аумағында 16-18 тамызы аралығында «Hi-tech» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі.
Профилактикалық шараның басты мақсаты - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтармен, оның ішінде интернет-алаяқтықпен күрестің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ақпараттық жүйені қолдана отырып, бұрын жасалған ұрлық және интернет алаяқтық фактілері бойынша тіркелген қылмыстық істерді ашу бойынша шаралар қабылданады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ШҚО ПД барлық азаматтарды құқық бұзушылық фактілеріне тап болған жағдайда бірден 102 жедел арнасына хабарлауға және қырағы болуға шақырады.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да интернет-алаяқтыққа қарсы «Anti-fraud» шарасы өтіп жатырӨскеменде «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр«Бұқтырмадағы демалыс үйін жалға беремін» деп алдап соқты«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ:13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды Интернет-алаяқтық бойынша 300 шақты дерек тіркелген – ШҚО