«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ:13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
![](/kz/uploads/posts/iblock/d5b/d5b11a5296233cc7c7ed2a61ee5e097d.jpeg)
Жедел профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде барлығы 1106 қылмыс тіркелді, оның 723-і кезекші тәулікте «ізін суытпай» ашылды.
Барлық жедел алдын алу іс-шарасы барысында бұрын жасалған 230 қылмыс ашылды.
Есірткі заттарды заңсыз сақтаудың 42 фактісі құжатталған.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 13 803 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:
- ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы) -3 469 бұзушылық;
- алкоголь ішкені не қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін (ӘҚБтК-нің 440-бабы) - 4 906 құқық бұзушылық;
- мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 197 құқық бұзушылық анықталды.
- Барлығы 13 207 үй тексерілді, оның ішінде 3 218 қараусыз қалған үй,
1 471 қараусыз қалған ғимарат және 7 154 саяжай үйі, сондай-ақ жалға берілетін 4 096 пәтер тексерілді. Полиция департаменті ШҚО-ның барлық азаматтарын қырағы болуға және құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.