KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 1 м/с, З
498.34 519.72 4.85

«Бұқтырмадағы демалыс үйін жалға беремін» деп алдап соқты

24.11.2021, 20:02 193

Ағымдағы жылдың 8-14 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Hi-tech» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері тегін хабарландыру сайтының көмегімен алаяқтықпен айналысқан 26 жастағы облыс тұрғынын ұстады.

Алаяқ Бұқтырма кентіндегі демалыс базасындағы үйлерді жалға беремін деп ақша алған. Сөйлесу барысында сұраушылардың көптігіне байланысты алаяқ жазғы кезеңде үлкен сұраныс болатынын айтып, жалға алынған үйлер үшін төлемді алдын ала сұраған. Кейін байлынқа шығуды тоқтатқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл әйелдің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Жүргізілген шараның қорытындысына сәйкес 13 қылмыс анықталып тіркелді, бұрын жасалған 42 интернет-алаяқтық ашылды, құқыққа қарсы контенті бар 76 сайт бұғатталды.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу