KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Өскеменде «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр

28.10.2020, 13:31 399

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес жедел-профилактиқалық іс-шаралар жиынтығы 27-28 қазан аралығында Өскемен-1 ст.ЖПБ-нің қызмет көрсету аумағында да өтіп жатыр.

«Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты -қызмет көрсету аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу, зиянды бағдармаларды, арнайы техникалық құралдарды, порнографиялық және өзге де тыйым салынған өнімдерді дайындайтын және тарататын адамдарды анықтау, олардың қылмыстық әрекетін құжаттандыруға шаралар қабылдау, - дейді Өскемен-1ст. Желілік полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесіндегі тәртіп сақшылары.  

Айта кетейік, облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, карантин кезеңінде адамдар онлайн-сатып алуларды жиі болғандықтан, өз кезегінде кибер алаяқтар белсенді бола бастады. Соңғы кездері зардап шеккендердің саны 1,5 есеге өсті.

«Оның үстіне әрбір екінші интернет-алаяқтықты облыстан және республикадан тыс жерлерде адамдар жасаған. Қабылданған шаралар 50 интернет-алаяқтықты әшкерелеуге мүмкіндік берді, олардың 107 эпизодқа қатысы бары анықталды, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу