«Қазақстан» шахтасында 4-ші кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасында төртінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
"Төртінші кеншінің денесі табылды, Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электр шебері, еңбек өтілі 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қаза болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз