«Қазақстан» шахтасынан тағы бір кеншінің денесі табылды
«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Көмек түрлері төмендегідей: жерлеуге байланысты шығындарды жабу; қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем; 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін); 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және соған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу; тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы; қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу; ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу; серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер, лагерьлерге жыл сайынғы жолдама беру.