«Қазақстан» шахтасында екінші жұмысшының денесі табылды
Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында тағы бір жұмысшының денесі табылды.
Қазір оқиға орнында өртті оқшаулау бойынша 4 бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
- Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір мәйітті беру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша 4 бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп табу үшін тағы 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп табуға барлық шара қабылданып жатыр, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.
Еске салайық, 17 тамыз күні сағат 10:05 шамасында «Қазақстан» шахтасында өрт шыққан болатын.