Өскеменде көлік қозғалысы уақытша тоқтайды
3 қыркүйек күні облыс орталығында "Altay Half Marathon" жартылай марафонының өтуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша жабылады.
Бүгін сағат 06:30-дан 12:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен (Бәйтерек айналымынан) Қабанбай батыр көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және қала бойынша қозғалыстарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген Өскемен қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз