Өскемендегі бірқатар көшелер уақытша жабылады

Ертең облыс орталығында Конституция күні мен Қала күніне арналған бірқатар іс-шара жоспарланған.
Осыған орай бірқатар көшеде көлік қозғалысы тоқтайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
30 тамыз күні сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін төмендегі көшелер жабылады:
Республика алаңы ауданында;
Қазақстан көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Қайсенов көшесіне дейін);
Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
Нұрмағамбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
Тоқтаров көшесі мен Қазақстан көшесінің қиылысы.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және осы ақпаратты ескере отырып жол қозғалысын алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз", – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз