KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Өскеменде жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: egemen.kz

23.08.2023, 12:32 187

24 тамызда Өскемен қаласында өтетін костюмді ретро-кешке байланысты қаланың белгілі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейінгі жолдың "Элегант" дүкенінің бойындағы бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталған дүкеннің бойындағы өткел сағат 16.00-ден 22.00-ге дейін автомобиль қозғалысы үшін жабық.

  "Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз", – деп жазылған қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив