KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?

15.09.2023, 14:43 369 Ләззат Қанатқызы

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да, онлайн түрде де көрсетіледі. Яғни азаматтар үйден шықпай-ақ электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.

Қызметті алу үшін порталда авторизациядан өтіп, "Қауіпсіздік" бөліміндегі "Шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну" қызметін таңдау қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұдан әрі ұсынылған және қосымша жолдарды толтыру, кейінге қалдыру немесе босату себебін көрсету, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеу және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою қажет. Өтінім 6 күн ішінде қаралады. Мемлекеттік мекеменің жауабы электронды порталдың жеке кабинетіне түседі.

- Ағымдағы жылы облыс тұрғындарының әскери қызметтен босатылуы немесе кейінге қалдырылуы туралы мәртебесін SMS-хабарлама арқылы білуге ​​мүмкіндіктері бар. Бұл проактивті мемлекеттік қызмет азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді. Оларға артық құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ, - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Естеріңізге сала кетейік, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызметі отбасылық жағдайлармен, оқуды жалғастырған және денсаулығына байланысты жағдайда қарастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу