Әскерден босатуға негіз болатын ауру түрлері аталды
Фото: egemen.kz
Қорғаныс министрлігі қандай аурулар бойынша әскерге шақырылғандар босатылатынын түсіндірді.
Аурулардың тізбесі Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №722 бұйрығымен бекітілген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудан босатуға жататын аурулардың тізбесі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №722 бұйрығымен бекітілген.
Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі қай санаттағы адамдар әскери қызметтен босатылуы мүмкін екенін және әскер қатарына шақырылмайтынын түсіндірді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша мерзімін кейінге қалдыру немесе босату шешімі әскерге шақыру комиссиясының құзыретінде.
Бұл тұрғыда кейінге қалдыру отбасы әрі денсаулық жағдайына, оқуын жалғастырғандарға, кәсіби қызметін атқарып жүрген педагогтарға, ауылдағы дәрігерлерге, Парламенттің немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына қатысты болады.
Сонымен қатар алдын ала тергеу амалдарына тартылған немесе қылмыстық iсін сот қарап жатқан адамдар жауынгерлік жиындарға шақыртылмайды.
Бұдан бөлек, азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлері, механиктері және техниктеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқандарға қатысты әскерге шақыруды кейінге қалдыру тәртібі қарастырылған.