KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Сұйытылған газ бағасы қанша теңгеге дейін қымбаттайды?

Фото: kapital.kz

1.11.2023, 13:17 151 Ләззат Қанатқызы

Елімізде сұйытылған газ бағасы біртіндеп көтеріледі.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баға болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министрдің айтуныша, ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін лимит бектілуі мүмкін.

- Біз түсініп отырмыз, сұйытылған мұнай газының бағасы әзірше өзіндік құнынан төмен. Осыған байланысты өндірушілердің ол газды жеткізуге ынтасы жоқ. Оның сыртында сұйытылған газ біздің мұнай-газ-химия саласындағы ауқымды жобаларымызға пайдаланылады, - деп атап өтті ол.

Елімізде мотор отыны ретінде сұйытылған мұнай газын тұтыну айтарлықтай артып отырған көрінеді.

- Өздеріңіз білесіздер, біз полипропилен жобасын бастадық. Қазір жобалық қуатына шығып келеді. Полиэтилен және бутадиен өндірісіне байланысты жобалар бар. Сұйытылған газ мұнай-газ-химия саласындағы бірегей өнім деп есептеледі. Ал ол жобалар жаңа жұмыс орнын ашуға, қосылған құн жасауға көмектеседі. Осыған байланысты күрт өскен сұранысты экспортқа кететін өнімді қайта бағыттау есебінен шешеміз. „ТШО“ компаниясы үлкен қолдау көрсетті — ай сайын 20 мың тонна ішкі нарыққа бағыттады. Біз ол ресурстар шектеулі екенін түсінеміз. Аталған мұнай-газ-химия зауыты іске қосылғаннан кейін сұйытылған мұнай газына лимит қоямыз, — деді министр.

Ол қазір жалпы Қазақстанда 50 теңгеден 80 теңгеге дейінгі баға диапазоны бар екенін атап айтты. Бұл ретте оның құны 110 теңгеден кем емес.

- Қазір ол бағаны бірден қоймаймыз, кезең-кезеңімен соған жеткіземіз, — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив