Сұйытылған газ қымбаттайды. Өңірлерде баға қандай?
Сурет: exclusive.kz
1 шілдеден бастап Қазақстанның жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Нақты айтсақ, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу бағасын республика бойынша қосымша құн салығын қосқанда 1 литріне 4 немесе 6 теңгеге көтеру ұсынылды.
ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 20-бабының 5-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі автогаздың көтерме бағасын 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Осылайша, Астанада автогаз бағасы литріне 70 теңгеден 76 теңгеге, Алматыда 75 теңгеден 81 теңгеге, Шымкентте 60 теңгеден 64 теңгеге дейін көтеріледі. Өңірлерде автогаз бағасы облыстың шалғайлығына байланысты өзгеріп отырады.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 70-75 теңгеден 76-81 теңгеге дейін, Атырау облысында 50-55 теңгеден 54-59 теңгеге, Алматы облысында 75-80 теңгеден 81-86 теңгеге дейін, Солтүстік Қазақстан облысында 75-80 теңгеден 81-86 теңгеге дейін, Маңғыстау облысында 50-55 теңгеден 54-59 теңгеге дейін қымбаттайды.
Құжат 12 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.