KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Келесі жылы автогаз бағасы қандай болады?

30.12.2022, 13:13 476 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы бағасын реттеуді жалғастырады, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БӘҚА) сайтына сілтеме жасап.

29 желтоқсанда ведомство басшысының көлік құралдарына жанармай құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын мемлекеттік реттеуді 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуды көздейтін жаңа бұйрығы күшіне енді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша 5 шілдеде автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген еді. Газ бағасы өңірге байланысты литріне 70 теңгеге дейін болды. Аталған бұйрықтың қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталады.

- Астана - литріне 70 теңге;
- Алматы - литріне 65 теңге;
- Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында литріне 50-55 теңге;
- Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында - литріне 70-75 теңге;
- Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында литрі 60-65 теңге.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив